Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік Коммуналдық  Қазыналық Кәсіпорын №6 «Көктем» балабақшасы.

2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ескі балабақша мекемесі  84 жылға толды. Омбы теміржол басқармасына қарасты жаңадан салынған мекеме ғимараты 1937 жылы қыркүйекте балабақша үшін пайдалануға берілген екен. Содан бері, соғыс жылдарындағы басқа қызмет орны болғанын ескермегенде, тұтас сексен жыл бойы балабақша қызметін атқарған.

Репрессия өрті лаулап тұрған кезеңде ашылған ерекше тарихи орын.барып. Астананың ескі темір жол вокзалы маңында қаланың алғашқы ғимараттары салына бастады да, сол мекеннен қала аумағы кеңейе түсті. Кезінде Первомайский деп аталып, кейін Қарасай батыр аты берілген көшеде   балабақша әлі де қызмет етеді. №6 «Көктем» балабақшасының территориясы атшаптырымдай жерді алып жатыр. Балабақша – баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Бір өкініштісі, балабақшаның ашылу салтанаты мен алғашқы тәрбиеленушілері туралы мәліметтер, мұрағат құжаттары сақталмаған. Соғыс жылдарында балабақша ғимараты әскери госпитальға айналдырылды. Бұл вокзалға өте жақын орналасқандықтан әрі келімді-кетімді әскердің хал-ахуалын қамтамасыз ету мақсатымен тікелей байланысты. Балабақшаның бір ерекшелігі, алғашқы кезде мұнда тек теміржол қызметкерлерінің балалары тәрбиеленген. Қарапайым қала тұрғындарының бұған қол жеткізе алмайтын. Сәбилер күлкісі мен шаттығы астасқан ордалы шаңырақ өз тарихында бір емес, бірнеше атауға ие болған. 1977 жылдың 23 тамызынан «№39 балабақша», «№39 «Веснянка» балабақшасы» деп аталған. Сондай-ақ мекеме 2000 жылы «Қазақстан теміржолы» РКМ қарамағынан алынып, Астана қаласы Білім басқармасына берілді. Қала әкімінің 2008 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы негізінде «№39 «Веснянка» балабақшасын» МКҚК «№6 «Көктем» балабақшасы» деген атауға ие болды.

Балабақшада қазір 260 бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшада әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары тәрбиеленеді. Жеті топ жұмыс істейді, оның  4-еуі мемлекеттік тілде болса, 3-еуі орыс тобына тиесілі.

Балаларды тәрбиелеу, жетілдіру мақсатында бірнеше дамыту жұмыстары жүргізіледі; тыныс алу жаттығулары, артикуляциялық жаттығулар, көз жаттығулары, апталық тақпақтар, хатка-иога т.б.

2020 жылдан бері  Капарова Венера Серкешбаевна басшылық қызметте, 2021 жылдан әдіскер Темирбекова Айнұр Максутовна қызмет етуде, 18 педагог жұмыс жасайды.

Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты, осы балабақшаның 5 тәрбиешісі «Білім үздігі» төсбелгісімен марапатталған, олар: Рамазан Салтанат Теміртасқызы, Горемычкина Светлана Николаевна, Лапина Марина Ивановна,

Стрелец  Анна Васильевна, Кирилюк Валентина Алексеевна, және 2017 жылы «Үздік балабақша педагогы» төсбелгісімен Жумабаева Бибинур Жусипалиевна, Умиртаева Жанар Сагинтаевна марапатталған.

«Осы салада 20-30 жыл қызмет етіп, орасан бай тәжірибесі бар ардагер

педагогтардың есімін атау – парызымыз –Кирилюк Валентина Алексеевна, Жумабаева Бибинур Жусипалиевна, Умиртаева Жанар Сагинтаевна, Каримбаева Балшат Омуртаевна.

«Білім –даналықтың алтын алқасы» деп халқымыз тегін айтпаса керек. Тәрбие нәрі балабақшадан басталады. Сол ортадағы мейірім мен қамқорлыққа толы қызмет көрсетуші тәрбиешілердің сәбилердің саналы да тәрбиелі ұрпақ болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Жалпы, балабақшадағы тәлім –тәрбие - барлық тәрбиенің бастауы. Өйткені әр азаматтың салауатты тірлігі мен өмірден өз орнын табуының негізі балабақшадан қаланады. Осындай тәрбие орнының бірі – Нұр –Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданындағы №6 «Көктем» балабақшасы.